Electrolux ESI4500LOX Manual de usuario Pagina 12

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 80
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 11
7.1 Multitab
Бұл функцияны тұз, шайғыш зат және
жуғыш заттардан тұратын жуғыш
таблеткаларды қолданған кезде
пайдаланыңыз. Олардың құрамында
басқа да жуғыш немесе шайғыш
заттар болуы мүмкін.
Бұл функция тұз және шайғыш
заттарды тиісті үлестіргіштерден
шығармай тоқтатады. Тұз және
шайғыш зат индикаторлары
жанбайды.
Осы функцияны пайдаланғанда,
жуғыш таблеткаларды қолданған
кезде жуу және кептіру нәтижелері
жақсы болу үшін бағдарлама уақыты
ұзарады.
Қалай қосу керек Multitab
Option түймешігін индикаторы
жанғанша басыңыз.
Жуғыш таблеткаларды
пайдалануды тоқтатқыңыз
келсе
Жуғыш затты, тұзды және шайғыш
заттарды жеке-жеке пайдалану
алдында келесі әрекетті орындаңыз.
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары
деңгейін орнатыңыз.
2. Тұз және шайғыш зат
сауыттарының толы екеніне көз
жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
зат қоспаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі
судың кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
7.2 EnergySaver
Бұл параметр соңғы пайдаланылған
шаю циклының температурасын
төмендетеді, нәтижесінде
пайдаланылатын қуат мөлшері де
азаяды (шамамен -25%).
Ыдыстар бағдарлама тоқтаса да
шамалы дымқыл болуы мүмкін.
Бағдарлама уақыты қысқарады.
Қалай қосу керек EnergySaver
Option түймешігін индикаторы
жанғанша басыңыз.
Егер бағдарламада қандай да бір
функция жоқ болса, тиісті индикатор
жанбайды немесе бірнеше секунд
жылдам жыпылықтап барып сөніп
қалады.
Дисплейде бағдарламаның жаңарған
уақыты көрсетіледі.
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың ағымдық
қойылған деңгейінің, тұратын
жеріңіздегі судың кермектігіне сай
екеніне көз жеткізіңіз. Әйтпесе, су
жұмсартқыштың деңгейін реттеуге
болады.
2. Тұз сауытын толтырыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғы ішінде зауытта өндіру
барысында қалуы мүмкін кез
келген қоқысты тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
затты қолданбаңыз және
себеттерді толтырмаңыз.
Бағдарламаны бастаған кезде, су
жұмсартқыштың ішіндегі шайырды
қайта толтыру үшін шамамен 5 минут
уақыт кетеді. Құрылғы жұмыс істемей
тұрған тәрізді көрінуі мүмкін. Жуу
циклы осы үдеріс аяқталғаннан кейін
ғана басталады. Бұл әрекет ара-тұра
қайталанып тұрады.
www.electrolux.com12
Vista de pagina 11
1 2 ... 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 ... 79 80

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios