
Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғы суы
сарқылмай тұр.
• Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз. Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту
менен тазалау" тарауын қараңыз.
• Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Егер су төгетін циклы жоқ бағдарлама орнатылып
тұрса, су төгу бағдарламасын орнатыңыз.
• Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын функцияны
таңдасаңыз, су төгу бағдарламасын орнатыңыз.
Айналдыру циклы
жұмыс істемейді
немесе жуу циклы
әдеттегіден ұзаққа
созылады.
• Айналдыру бағдарламасын орнатыңыз.
• Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз. Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту
менен тазалау" тарауын қараңыз.
• Бұндай жағдай орын алса, барабандағы кірді қолмен
таратып, айналдыру циклін қайта бастаңыз. Бұл
мәселе теңгерімге байланысты болуы мүмкін.
Еденге су аққан.
• Су түтіктерінің жалғастырғыштарының берік екеніне
және су ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын және төгетін түтіктерге ешбір зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
• Дұрыс жуғыш заттың дұрыс мөлшерде
пайдаланылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының есігін
аша алмадыңыз.
• Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын жуу
бағдарламасының таңдалғанына көз жеткізіңіз.
• Жуу бағдарламасының аяқталғанына көз жеткізіңіз.
• Барабанның ішінде су бар болса, су төгу немесе
айналдыру бағдарламасын орнатыңыз.
• Құрылғыға тоқ келіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Бұл мәселе құрылғының жұмыс істемей қалуына
байланысты болуы мүмкін. Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыдан тосын
шуыл шығады және
дірілдейді.
• Құрылғы деңгейінің дұрыс реттелгеніне көз
жеткізіңіз. "Орнату нұсқаулығы" тарауын қараңыз.
• Орам материалдарының және/немесе тасымал
болттарының алынғанына көз жеткізіңіз. "Орнату
нұсқаулығы" тарауын қараңыз.
• Барабанға көбірек кір қосып салыңыз. Кір тым аз
салынған болуы мүмкін.
Бағдарлама
орындалып тұрғанда
бағдарлама уақыты
ұзарады не
қысқарады.
• SensiCare жүйесі бағдарламаның уақытын кірдің түрі
мен салынған мөлшеріне қарай реттей алады. "
SensiCare жүйесінің салмақты анықтауы" тармағын
"Күнделікті пайдалану" тарауынан қараңыз.
ҚАЗАҚ 35
Comentarios a estos manuales