
Кептіру циклының соңғы 10 минуты
ішінде құрылғы мыжылудың алдын
алу кезеңін орындайды. Бұл уақыт
ішінде есік құлыптаулы болады.
Бейнебетте үш нөл жыпылықтап
көрсетіледі: « 0.00 ».
Мыжылудың алдын алу кезеңі
аяқталған кезде 2.8 белгішесі
жоғалады.
Мыжылудың алдын алу циклы
басталардың алдында немесе осы
цикл орындалып тұрғанда есікті ашу
немесе осы циклды кідірту керек
болса, кез келген түймешікті
басыңыз немесе бағдарлама таңдау
тетігін кез келген бағдарламаға ( O
қалпынан басқа) қойыңыз.
8. Машинаны сөндіру үшін таңдау
тетігін O қалпына қойыңыз.
9. Барабаннан кірді алыңыз.
Ескерім!
Әр түрлі мақта маталардың (сүлгі,
ақжайма, жейделер т.с.с.) не басқа да
кірлердің бұралып қалуы айналдыру
циклы кезінде шала кебуіне себеп болуы
мүмкін. Сондықтан да, кей жағдайларда
циклдың соңында кір аздап дым тартып
тұрса, бұралып қалған заттарды жазып,
барабанның ішіне біркелкі таратып
салыңыз да, 20-30 минуттық қосымша
кептіру циклын таңдаңыз.
ПАЙДАЛАНУ - ЖУУ МЕН КЕПТІРУ
ТОҚТАУСЫЗ бағдарлама - Жуу және
автоматты түрде кептіру
Мақта мата үшін ең көп салмақ мөлшері
— 3.5 кг, синтетика үшін 2 кг.
Сақтандыру туралы ескерту! Жуу
мен кептіру бағдарламаларын
орындаған кезде мөлшерлеу
құралын/шарды пайдаланбаңыз.
1. Кірді салыңыз.
2. Жуғыш зат пен мата жұмсартқыштан
қосыңыз.
3. Бағдарлама таңдау тетігін
орнатылған жуу бағдарламасына/
матаға қою арқылы машинаны іске
қосыңыз.
4. Тиісті түймешіктерді басып қажетті
функцияларды таңдаңыз.
Мүмкін болса, кептіру циклы ұзаққа
созылмас үшін әрі қуат шығынын
азайту үшін машина ұсынған
айналдыру жылдамдығынан аз
жылдамдықты таңдамаңыз.
Дегенмен, айналдыру жылдамдығын
тек кептіру функциясын таңдағаннан
кейін ғана өзгерте аласыз.
Мақта мата мен синтетика үшін
таңдауға болатын ең төмен мән —
900 айн/мин.
5. Құрғақтық дәрежесін 5 түймешігін
басып орнатыңыз. Бейнебетте жуу
бағдарламасының жалпы ұзақтығы
мен орнатылған кептіру циклы пайда
болады.
6. Бағдарламаны 8 түймешігін басып
бастаңыз. Қалған уақыт әр минут
сайын жаңартылып отырады.
7. Машинаны өшіру үшін
бағдарламаның соңында таңдау
тетігін O қалпына қойыңыз. Кірді алып
шығыңыз.
ТОҚТАУСЫЗ бағдарлама - Жуу және
уақыты белгіленген кептіру
Мақта мата үшін ұсынылатын жүк
салмағы — 3.5 кг, синтетика үшін 2 кг.
Мақта матаны 5 кг-ға дейін кептіруге
болады («Кептіру бағдарламасы»
кестесін қараңыз).
Сақтандыру туралы ескерту! Жуу
мен кептіру бағдарламаларын
орындаған кезде мөлшерлеу
құралын/шарды пайдаланбаңыз.
1. Кірді салып, жуғыш зат пен мата
жұмсартқышын қосыңыз.
2. Бағдарлама таңдау тетігін
орнатылған жуу бағдарламасына/
матаға қою арқылы машинаны іске
қосыңыз.
3. Тиісті түймешіктерді басып қажетті
функцияларды таңдаңыз.
Мүмкін болса, кептіру циклы ұзаққа
созылмас үшін әрі қуат шығынын
electrolux 45
Comentarios a estos manuales