
азайту үшін машина ұсынған
айналдыру жылдамдығынан аз
жылдамдықты таңдамаңыз.
Дегенмен, айналдыру жылдамдығын
тек кептіру функциясын таңдағаннан
кейін ғана өзгерте аласыз.
Мақта мата мен синтетика үшін
таңдауға болатын ең кіші мән
минутына 900 айналым, ал тоқыма
заттар үшін минутына 700 айналым.
4. Кептіру уақытын 5 түймешігін басып
орнатыңыз. Бейнебетте жуу
бағдарламасының жалпы ұзақтығы
мен орнатылған кептіру циклы пайда
болады.
5. Бағдарламаны 8 түймешігін басып
бастаңыз. Қалған уақыт әр минут
сайын жаңартылып отырады.
6. Машинаны өшіру және кірді алып
шығу үшін бағдарламаның соңында
таңдау тетігін O қалпына қойыңыз.
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Жуылатын кірді сұрыптау
Әрбір киімнің затбелгісіндегі жууға
қатысты белгішелерге мұқият назар
аударып, өндірушінің жууға қатысты
нұсқауларын орындаңыз. Киімді
төмендегідей сұрыптау керек: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нәзік мата, жүн тоқыма.
Температуралар
95° не 90°
қалыпты кірленген ақ мата
не зығырдан жасалған
заттарға (мысалы, шай
сулықтары, сүлгі, үстел
жапқыштар ... ) арналған
60°/50°
қалыпты кірленген, бояуы
тез шығатын зығыр, мақта не
жасанды талшықтан
жасалған киімдер(мысалы,
жейде, жатарда киілетін
көйлек, пижама....) мен
аздап кірленген ақ мақта
киімдерге (мысалы, іш киім)
арналған
40°-30°-
Суық
нәзік мата (мысалы, тор
перде), синтетика мен "таза
әрі жаңа, машинада
жуылатын, тартылмайтын
жүн" деген затбелгісі бар жүн
тоқыма аралас кір легіне
арналған.
Жуылатын кірді салмас бұрын
Ақ және түрлі-түсті киімдерді ешқашан
бірге жумаңыз. Ақ киімнің "ақтығы" жуу
барысында бозарып қалуы мүмкін.
Жаңа түрлі-түсті киімдерді ең алғаш рет
жуғанда бояуы шығуы мүмкін; сондықтан
да оларды алғашқыда жеке-жеке жуу
қажет.
Жуылатын кірдің ішінде ешбір темір
заттың қалып қоймауын қадағалаңыз
(мысалы, шаш қыстырғыш, булавка,
түйреуіштер).
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеу не ұзын таспалар болса оларды
байлаңыз.
Оңай арылмайтын дақтарды кір жууды
бастамай тұрып кетіріп алыңыз.
Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы
жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
Перделерді ерекше баппен тазалаңыз.
Ілгектерін алыңыз не болмаса қалта не
торға салып буыңыз.
Жүктің максимум салмағы
Кірдің ұсынылатын салмағы жуу
бағдарламалары кестелерінде берілген.
Негізгі ережелер:
• Мақта, зығыр мата: кір барабанға
толтырыла, бірақ аса тығыздалмай
салынады;
• Синтетика: кір барабанның орта
шегінен асырылмай салынады;
• Нәзік мата мен жүн тоқыма: кір
барабанның үштен біріне дейін ғана
толтырылады;
Максимум салмақ су мен қуатты
неғұрлым тиімді пайдалануды мүмкін
етеді.
Аса кірлеген заттарды жуарда,
салынатын кірдің мөлшерін азайтыңыз.
Кірдің салмағы
Төмендегі салмақтар тек жалпылама
ұсыныс ретінде ғана берілген:
46 electrolux
Comentarios a estos manuales