
7.2 Мұздатқыштың мұзын
еріту
АБАЙЛАҢЫЗ
Қырауды ешқашан өткір
темір құралдармен
тазаламаңыз, себебі
құрылғыға зақым келтіріп
аласыз. Мұзды жылдам
еріту үшін өндіруші
ұсынған құралдардан өзге
механикалық немесе басқа
жасанды заттарды
ешқашан қолданбаңыз.
Құрылғының мұзын еріту
кезінде, оралып
мұздатылған тағамдардың
температурасының
жоғарылауы олардың
қауіпсіз сақталу мерзімін
қысқартуы мүмкін.
Мұздатқыш камераның мұзын
шамамен 10-15 мм қалың болған кезде
жібітіңіз.
Сыртқы ортаның ылғалдылығы жоғары
болса немесе мұздатылған тағам
дұрыс оралмай салынса, құрылғының
қабырғаларына көбірек мұз қатуы
мүмкін.
Мұздатқыштың мұзын тағам аз тұрған
кезде немесе мүлдем тағам жоқ кезде
еріткен тиімді.
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Ішінде тағам тұрса, оны алып,
бірнеше қабат газетке ораңыз да,
салқын жерге қойыңыз.
3. Есікті ашып, еріген су ағатын
түтіктің тығынын алып, еріген
судың барлығын науаға құйып
алыңыз.
4. Мұзды ерітіп болғаннан кейін
құрылғының ішін жақсылап
құрғатып, ашаны сұғыңыз.
5. Құрылғыны қосыңыз.
6. Температура түймешесін ең үлкен
суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны
осы параметрде тұрған қалпы екі
немесе үш сағат жұмысқа қосыңыз.
7. Алдында алып қойған тағамдарды
қайта салыңыз.
7.3 Құрылғыны қолданбаған
кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны сөндіріңіз де, электр
желісінен ағытыңыз.
2. Тағамды алыңыз
3. Құрылғының мұзын ерітіп, керек-
жарақтарының барлығын
тазалаңыз.
4. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін
есігін ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғыны қосып
қалдыратын болсаңыз,
электр қуаты өшіп қалған
жағдайда ішіндегі тағам
бұзылып кетпес үшін,
басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап
қойып отыруын сұраңыз.
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс
істемейді.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз.
www.electrolux.com24
Comentarios a estos manuales