
Бейнебетте ішкі температура
сенсорының белгішесі көрсетіледі.
4. Ішкі температураны орнату үшін
немесе түймешігін 5
секундқа жеткізбей басыңыз.
5. Қыздыру функциясын және, қажет
болса, тұмшапештің
температурасын орнатыңыз.
Құрылғы болжамды аяқталу уақытын
есептейді. Аяқталу уақыты тағамның
мөлшеріне, орнатылған тұмшапеш
температурасына (кем дегенде 120 °C)
және жұмыс режимдеріне қарай әр
түрлі болады. Құрылғы аяқталу
уақытын шамамен 30 минуттан кейін
есептейді.
6. Ішкі температураны өзгерту үшін
түймешігін басыңыз.
Еттің температурасы орнатылған ішкі
температураға жеткенде, дыбыстық
сигнал беріледі. Құрылғы автоматты
түрде сөнеді.
7. Сигналды тоқтату үшін сенсорлық
өрісті түртіңіз.
8. Ішкі температура сенсорының
ашасын розеткадан суырып, етті
тұмшапештен алыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Ішкі температура сенсоры
ыстық. Күйіп қалу қатері
бар. Ішкі температура
сенсорының ұшы мен
ашасын алған кезде абай
болыңыз.
9.2 Сырғытпа жолдар
Сырғытпа жолдарды
орнату нұсауларын кейін
пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Сырғытпа жолдардың көмегімен
сөрелерді оңай алып-салуға болады.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Сырғытпа жолдарды ыдыс
жуғыш машинада
жумаңыз. Сырғытпа
жолдарды майламаңыз.
1. Оң және сол жақтағы сөре
сырғытпаларын тартып
шығарыңыз.
2. Сымтемір торды сөре
сырғытпаларына салыңыз да,
құрылғыға қарай абайлап итеріңіз.
Тұмшапештің есігін жабар алдында,
сырғытпа жолдардың құрылғыға әбден
кіргізілгеніне көз жеткізіңіз.
10. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
10.1 Таңдаулы
бағдарламалар
Ұзақтық, температура немесе қыздыру
функциясы тәрізді таңдаулы
параметрлерді сақтап қоюға болады.
Оларға келесі мәзірде қол жетімді:
Таңдаулы бағдарламалар. 20
бағдарламаны сақтауға болады.
ҚАЗАҚ 17
Comentarios a estos manuales