
Функция түймешіктері
Осы түймешіктердің көмегімен мына
əрекеттерді орындауға болады:
• Су жұмсартқыштың деңгейін
электрондық жолмен реттеу. 'Су
жұмсартқышты орнату' тарауын
қараңыз.
• Multitab функциясын қосу жəне өшіру.
"Көп қойындылы функциясы" бөлімін
қараңыз.
• Шайғыш зат үлестіргішті қосу жəне
өшіру (multitab функциясы қосулы
тұрғанда ғана). 'Келесі жағдайларда
не істеу керек...' тарауын қараңыз
• Жұмыс істеп тұрған жуу
бағдарламасын біржола тоқтату. 'Жуу
бағдарламасын таңдау жəне бастау'
тарауын қараңыз.
• Дыбыстық сигналдарды іске қосу
жəне сөндіру. 'Дыбыстық сигналдар'
тарауын қараңыз.
Параметрлерді орнату режимі
Мына əрекеттерді орындау үшін
құрылғы параметрлерді орнату
режимінде тұруға тиіс:
• Жуу бағдарламасын орнату жəне
бастау үшін.
• Кешіктіріп бастау бағдарламасын
орнату жəне бастау үшін.
• Су жұмсартқыштың деңгейін
электрондық тəсілмен баптау үшін.
• Multitab функциясын қосу немесе
өшіру үшін.
• Шайғыш зат үлестіргішті қосу не
өшіру (тек multitab функциясы қосулы
тұрғанда ғана) үшін.
• Дыбыстық сигналдарды сөндіру
немесе қосу үшін.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы
келесі жағдайда параметрлерді
орнату режимінде тұрады:
• Барлық бағдарламалардың
индикаторлары жанғанша.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы
келесі жағдайда параметрлерді
орнату режимінде тұрмайды.
• Тек бір бағдарламаның индикаторы
жанғанда.
• Бейнебетте жуу бағдарламасының
немесе
кешіктіріп бастау циклінің
уақыты көрсетіледі.
– Параметрлерді орнату режиміне
қайту үшін жуу бағдарламасын
немесе кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату керек.
'Жуу бағдарламасын таңдау жəне
бастау' тарауын қараңыз.
Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар келесі жағдайда
естіледі:
• Жуу бағдарламасы аяқталғанда.
• Су жұмсартқыштың деңгейі
электрондық тəсілмен бапталғанда.
• Құрылғыда ақау бар кезде.
Зауытта орнатылған параметр:
қосулы.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. (B) функция түймешігі мен (C)
функция түймешігін (A), (B) жəне (C)
функция түймешіктерінің
индикаторлары жыпылықтай
бастағанша қатар басып тұрыңыз.
4. (B) функция түймешігі мен (C)
функция түймешігін босатыңыз.
5. (C) функция түймешігін басыңыз,
•(A) жəне (B) функция
түймешіктерінің индикаторлары
сөнеді.
•(C) функция түймешігінің
индикаторы жыпылықтай береді.
•
Бейнебетте дыбыстық сигналдар
параметрі көрсетіледі.
Дыбыстық
сигналдар қосулы.
Дыбыстық
сигналдар
сөндірулі.
6. Параметрді өзгерту үшін (C)
түймешігін басыңыз
7. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Дыбыстық сигналдарды қайта қосу
үшін (1) бастап (7) дейінгі
қадамдарды орындаңыз.
electrolux 7
Comentarios a estos manuales