
Жайпақ тағамды пісіру науасы мен
пеш сөресінің қос қырлы ұшы бар.
Осы ұштар мен бағыттағыш
жолдардың пішімдері пештің керек-
жарақтарын аударылып кетуден
сақтайды.
Пеш сөресі мен жайпақ пісіру
науасын қатар салу
Пеш сөресі мен жайпақ пісіру науасын
салыңыз. Жайпақ пісіру науасын пеш
қатарларының біріндегі бағыттағыш
жолдарға келтіріп салыңыз.
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
• Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарларын құрылғының
астынан бастап санау керек.
• Түрлі тағамдарды бір мезгілде пештің
екі деңгейінде пісіруге болады.
Сөрелерді 1-ші жəне 3-ші деңгейге
қойыңыз.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде
есікті əрқашан артқа шегініп барып
ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ
пісірер
алдында пешті 10 минут іске
қосып қойыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін ылғал жерлерін сүртіп
отырыңыз.
• Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз жəне тағам пісірген кезде
құрылғының бөлшектерін алюминий
фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру
нəтижесіне əсер етіп, пештің эмаль
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торт пісіру
• Пісіруді бастамай тұрып пешті 10
минут қыздырып алыңыз.
• Пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өтпейінше пештің есігін
ашпаңыз.
• Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасындағы
бір қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
• Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз.
Етті тым аз мөлшерде пісіргенде, ол
тым құрғақ болып піседі.
• Өте майлы тағамды пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас
үшін май жинайтын табаны
қолданыңыз.
• Еттің сөлі ағып кетпес
үшін, оны
турамай тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
• Тағамды қуырған кезде пештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін, май
жинағыш табаға аздап су құйыңыз.
Түтін жиналып қалмас үшін суы
сарқылған сайын үстінен су құйып
отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне,
құрылымына жəне мөлшеріне
байланысты.
electrolux 11
Comentarios a estos manuales