желдететін саңылауларды ашып
қойыңыз не механикалық желдету
құралын орнатыңыз (механикалық
тартқыш құрылғы).
• Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды
пайдаланған кезде, ас бөлмені
көбірек желдету (мысалы, терезені
ашу немесе механикалық желдеткіш
бар болса, деңгейін көтеру) керек.
Пайдалану
• Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
коммерциялық немесе өндірістік
мақсатта қолданбаңыз. Бұл адамның
жарақаттануына немесе мүлікке зиян
келуіне жол
бермеу үшін қажет.
• Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап отырыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде əрқашан құрылғыдан
алыс тұрыңыз. Ыстық бу шығуы
мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Құрылғыны су
қолмен іске пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс істеп тұрғанда,
пісіру алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу
қаупі бар. Пісіру алаңына темір
заттарды, мысалы ас құралдары мен
кəстрөл қақпақтарын қоймаңыз,
себебі олар қызып кетеді.
• Құрылғыны пайдаланған кезде оның
іші ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Керек-жарақтары мен кəстрөлдерді
алып-салған кезде қолғап киіңіз.
• Есікті абайлап ашыңыз. Құрамында
спирті бар құрамдастарды
қолданғанда, спирт пен
ауаның
қоспасы пайда болады. Өрт шығу
қаупі бар.
• Есікті ашқанда, құрылғының жанынан
ұшқын немесе ашық от шығуына жол
бермеңіз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды жəне/немесе балқығыш
(пластмасса немесе алюминийден
жасалған) заттарды құрылғының
ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу
қаупі бар.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе мүлде
ыдыссыз
пайдаланбаңыз.
• Ыдыстың ішіндегісі сарқылуына жол
бермеңіз. Бұл ыдысқа жəне пештің
үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
• Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ
құласа, оны бүлдіруі мүмкін.
• Ыстық ыдысты басқару панеліне
жақын қоймаңыз, себебі қызудың
əсерінен құрылғы бүлінуі мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасын
бүлдіріп алмас үшін, керек-
жарақтарды алып-салғанда абай
болыңыз.
• Шойыннан, құйма алюминийден
жасалған не түбіне бүлінген ыдысты
əрі-бері сырғытсаңыз, пештің үстіне
сызат түсуі мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
əсер етпейді.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз жəне оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
– құрылғының ішіне ыстық суды
тікелей қоймаңыз;
– тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс
пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
• Пештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш
заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға
төзімді заттарды (егер болса) ғана
қойыңыз.
• Пештің бу шығатын саңылауларын
жаппаңыз. Олар пештің үстіңгі бетінің
артқы жағында орналасқан (егер
қолданылса).
• Ыдыс кенет қисайып немесе ішіндегісі
төгілмес үшін пішімі мен диаметрі
дұрыс, орнықты ыдысты
қолданыңыз.
Күйіп қалу қаупі бар.
Қақпақ
• Жабық тұрған қақпақ құрылғыны
шаңнан қорғайды, ашық тұрғанда
шашыраған майды жинайды. Оны
басқа мақсатта пайдаланбаңыз.
4 electrolux
Comentarios a estos manuales