Electrolux EKK511510X Manual de usuario Pagina 23

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 28
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 22
Құрылғыға əдепкі газ параметрлері
орнатылған, параметрді өзгерту
үшін тізімнен түтік ұстатқышты
таңдаңыз. Əрқашан тығыздағышты
қолданыңыз
Пешті газдың басқа түрлеріне
лайықтау
Назарыңызда болсын! Пешті
газдың басқа түріне сай лайықтау
жұмысын тек өкілетті маманға ғана
тапсырыңыз.
Бұл құрылғы табиғи газбен жұмыс
істеуге арналған.
Дұрыс инжекторлар қолданылса,
сұйылтылған газды да қолдануға
болады.
Газдың тұтынылатын мөлшерін
қажетінше лайықтауға болады.
Назарыңызда болсын!
Инжекторларды ауыстырмай тұрып,
газ тетіктерінің Off қалпында
тұрғанына жəне құрылғының тоқтан
ағытылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы əбден суығанша күтіңіз.
Жарақат алу қаупі бар.
Инжекторларды ауыстыру
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3. 7-ші сомынкілттің көмегімен
инжекторларды алыңыз да, өзіңіз
қолданатын газ түріне арналған
инжекторлармен ауыстырыңыз.
4. Осы əрекеттерді кері тəртіпте
орындау арқылы
бөлшектерді
құрастырыңыз.
5. Техникалық ақпарат тақтайшасын
(газбен жабдықтау құбырының
қасында) жаңа газ түріне сай келетін
тақтайшаға ауыстырыңыз. Бұл
тақтайшаны құрылғымен бірге
жеткізілген қалтадан таба аласыз.
Егер газбен жабдықтау қысымы
өзгермелі немесе қажетті қысымнан
басқаша болса, газбен жабдықтау
түтігіне қолданылатын қысым өтпелігін
орнату қажет.
Ең кіші деңгейді лайықтау
Оттықтардың ең төменгі деңгейін
баптау үшін:
1. Оттықты жағыңыз.
2.
Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3. Басқару тетігін алыңыз.
4. Бұрағыштың көмегімен орағытпа
бұранданы реттеп бұраңыз. Егер 20
мбар табиғи газды сұйылтылған
газға ауыстырсаңыз, айналма
бұранданы түгелдей қатайтып
бұраңыз. Егер сұйылтылған газды,
20 мбар табиғи газға ауыстырсаңыз,
айналма бұранданы шамамен 1/4
мөлшеріне босатыңыз.
1
1 Ең кіші реттегіш бұранда
5. Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған
кезде, жалынның өшіп
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
Тіктеп орнату
Пештің бетін басқа құрылғылардың
бетімен бірдей деңгейге қою үшін
құрылғының астындағы кішкене
сирақтарды қолданыңыз
Электр қосылымы
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
электр желісіне білікті əрі уəкілетті
маман қосуға тиіс.
"Қауіпсіздік" тарауындағы сақтық
шаралары орындалмаған жағдайда,
өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Құрылғы қуат ашасымен жəне электр
сымымен жабдықталған.
electrolux 23
Vista de pagina 22
1 2 ... 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios