
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса,
басқару түймешесін сөндірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе
қуат үзілісінен кейін электр қуатын
қосқан кезде, тұтату генераторы
өздігінен іске қосылуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай.
Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін түймешені мына
белгіге бұраңыз:
.
Назарыңызда болсын!
Кəстрөлдерді оттықтан алардан
бұрын отты азайтыңыз немесе
сөндіріп қойыңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Қуат үнемдеу
• Егер мүмкіндік болса, кəстрөлдердің
қақпағын əрдайым жабыңыз.
• Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
Түбі оттықтың өлшеміне дəл келетін
табалар мен кəстрөлдерді
пайдаланыңыз.
Оттық Тамақ пісіретін
ыдыстың диаметрі
Жылдам 160 мм - 280 мм
Жартылай
жылдам
140 мм - 240 мм
Қосымша 120 мм - 180 мм
Түбі барынша қалың əрі мүмкіндігінше
тегіс ыдысты қолданыңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тазалардан бұрын сөндіріңіз де,
суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
мақсатында құрылғыны бумен
тазалағыш немесе жоғары
қысыммен тазалағыш құралдармен
тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын! Түрпілі
тазартқыш, болат сымнан жасалған
ысқыш немесе қышқылдарды
қолданбаңыз, олар құрылғыны
бүлдіруі мүмкін.
• Эмальмен қапталған бөліктерін,
қақпағы мен шілтерін тазалау үшін
жылы сабын сумен жуыңыз.
• Тот баспайтын болат бөліктерін
сумен жуыңыз да, жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
• Ыдыс тірегіштер ыдыс жуғыш
машинада жууға төзімді емес;
оларды қолмен жуу керек.
• Тазалап болғаннан кейін
таба
тағандарын дұрыс орнатуды
ұмытпаңыз.
• Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін
таба тағандарын орнына қойған
кезде абай болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
electrolux 9
Comentarios a estos manuales