
• Маңызды! Пешті таған немесе сол
сияқты оны биіктететін заттың үстіне
қоюға болмайды. Бұл құрылғының бір
жағына қарай ауып кету қаупін
күшейте түседі!
Электр желісіне жалғау
•
Құрылғыны міндетті түрде
жерге қосу қажет.
• Техникалық тақтайшадағы электр
параметрлерінің желі параметрлеріне
сəйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Əрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
ғана қолданыңыз.
• Көп тармақты ашаларды,
қосқыштарды жəне ұзартқыш
кабельдерді қолданбаңыз. Өрт шығу
қатері бар.
• Қорек сымын өзіңіз ауыстыруға
немесе өзгертуге əрекеттенбеңіз.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғы кез келген полюсте
контакттарының
арасына 3 мм орын
қалдыра отырып ажыратуға мүмкіндік
беретін құралмен жабдықталуға тиіс.
• Қорек сымы мен ашаның құрылғының
арт жағында жаншылып немесе
бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны орнатып болған соң да
ашаға қол жететіндігін тексеріңіз.
• Құрылғыны сымынан тартып
ағытпаңыз. Əрқашан сымының
ашасынан ұстап ағытыңыз.
• Айырып-қосқыш құралдардың дұрыс
түрін қолдану қажет: оларға айырып-
қосқыштар,
сақтандырғыштар
(бұралмалы сақтандырғыштарды
ұясынан алу қажет ), жерге қосу жəне
контакт құралдары жатады.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Қызмет көрсету орталығы
• Тек уəкілетті техниктің ғана
құрылғыны жөндеуіне немесе оған
қатысты жұмысты орындауына
болады. Уəкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке
зиян келмес үшін:
– Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
– Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Бұл кішкентай балалардың немесе
үй жануарларының құрылғының
ішіне кіріп, қамалып қалуына жол
бермейді. Тұншығып қалу қаупі бар.
6 electrolux
Comentarios a estos manuales