
9. Бұрылмалы істік параметрі бар
функцияны таңдаңыз. Бұрылмалы
істік айналады.
10. Қажетті температураны
орнатыңыз. Пісіру кестелеріне
қараңыз.
7.2 Керек-жарақтарды салу
Торкөз сөре:
Сөре сырғытпасының
бағыттағыштарының арасына салып
итеріп, тіректерінің төмен қарап
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пісірме табақ:
Пісірме табақты сөре сырғытпасының
бағыттағыштарының арасына салып
итеріңіз.
Барлық керек-жарақтардың
үстіңгі оң және сол
жақтарында, қауіпсіздікті
арттыру үшін шығыңқы
элементтер салынған.
Шығыңқы тұстар
құралдардың аударылып
қалуына жол бермейтін
қауіпсіздік құралдары
болып табылады.
Сөренің биік жиектемесі
ыдыстардың сырғып
кетуіне жол бермейтін
сақтық құралы болып
табылады.
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
8.1 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау
үшін желдеткіш автоматты түрде
қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз,
желдеткіш құрылғы салқындағанша
жұмыс істеп тұра береді.
9. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
9.1 Жалпылама ақпарат
• Құрылғының сөре қоюға арналған
бес деңгейі бар. Сөренің
деңгейлерін құрылғының астыңғы
жағынан бастап санаңыз.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің
шыны панельдеріне бу тұруы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тағам
пісіріп жатқанда құрылғының есігін
ашу қажет болса, әрқашан артқа
шегініңіз. Буды азайту үшін
құрылғыны тағам пісіру алдында 10
минут қыздырыңыз.
ҚАЗАҚ 11
Comentarios a estos manuales