Electrolux EOG91102AK Manual de usuario Pagina 19

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 56
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 18
90°
7. Әуелі шыны панельді абайлап
көтеріп, содан кейін алыңыз.
1
2
8. Шыны панельді сабын сумен
жуыңыз. Шыны панельді жақсылап
құрғатыңыз.
Тазалап болғаннан кейін шыны
панельді және тұмшапештің есігін
орнатыңыз. Жоғарыдағы қадамдарды
кері ретпен орындаңыз.
Панельдің бедері бар жағы есіктің ішкі
жағына қарап тұруға тиіс. Орнатып
болғаннан кейін шыны панельдің
безендірілген жағын ұстап көрген
кезде қолға оның бұдыры сезілмеуге
тиіс.
Ішкі шыны панельді ұяларына дұрыс
қойғаныңызды тексеріңіз.
10.5 Шамды ауыстыру
Құрылғының ішкі табанына шүберек
төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы
мен құрылғының ішіне нұқсан келмес
үшін қажет.
ЕСКЕРТУ!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар!
Сақтандырғышты шамды
ауыстыру алдында
ағытыңыз.
Шам және шамның қақпағы
ыстық болуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Шамға майдың қалдығы
жұғып күймес үшін, галоген
шамды үнемі шүберекпен
ұстаңыз.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз
немесе айырып-қоқышты
ажыратыңыз.
Артқы шам
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Шамды қызуға төзімділігі 300 °C
шамға ауыстырыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
ҚАЗАҚ 19
Vista de pagina 18
1 2 ... 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 ... 55 56

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios